Шымкентте оқушылар мектепке электронды жүйемен қабылдануда

Шымкентте оқушылар мектепке электронды жүйемен қабылдануда

Шымкент қаласында биыл алғаш рет 1-сынып оқушылары мектептке электронды жүйе бойынша қабылдануда. Бүгінге дейін қалада бірінші сыныпқа баратын оқушылардың 87 пайызы қабылданып үлгерді.

Қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева қала әкімдігінің «Инстаграм» желісіндегі ресми парақшасында өткен тікелей эфирде осылай деді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Басқарма басшысы атқарылған жұмыстарды қорытындылады.

Оның айтуынша, ата-аналар өз өтініштерін 100 пайыз Egov порталы арқылы жіберуде. Бұрын балаларды қабылдау жұмыстары 15 қыркүйекке дейін созылып, мектеп тарификациясын бекіту ай соңына дейін созылатын. Енді білім ұйымы жаңа оқу жылына алдын-ала дайындық жұмыстарын жүргізетін болады.

«Бұл шешім еліміздің Білім және ғылым министрлігі тарапынан сапалы білім беруде нәтижеге қол жеткізуге бағытталған зор мүмкіндік деп білемін»,-деді Жанат Арысбекқызы.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Сенат Парламентінің клуарында мемлекеттік қарыз көлемі туралы журналистердің сұрағына...