Қазақстан СІМ әлеуметтік орталық тәрбиеленушілерінің сауықтыруы мен ағартуына қолдау көрсетуде

Қазақстан СІМ әлеуметтік орталық тәрбиеленушілерінің сауықтыруы мен ағартуына қолдау көрсетуде

Астана, 2025 жылғы 18 шілде – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қатысуымен жүзеге асырылып жатқан қайырымдылық жобасы аясында «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының» тәрбиеленушілері балаларға арналған сауықтыру лагеріне жолдамалар мен сыйлықтар алды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Бұл бастама Қазақстандық дипломаттар бірлестігі тарапынан, Қазақстанның Мюнхен қаласындағы Бас консулдығының жәрдемімен және Германиядағы қазақ диаспорасының қолдауымен ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты – өмірлік қиын жағдайға тап болған балалардың әлеуметтік бейімделуіне жәрдемдесу.

ҚР Сыртқы істер министрлігінде кездесу барысында балаларға Қазақстан дипломатиясы мұражайына экскурсия ұйымдастырылды. Қатысушылар еліміздің сыртқы саяси қызметінің қалыптасу тарихымен, алғашқы дипломатиялық миссияларға, Қазақстанның халықаралық бастамаларына және жаһандық ынтымақтастықты дамытуға отандық дипломаттардың қосқан үлесіне арналған экспозициялармен танысты.

Аталған жобаның жүзеге асырылуы ҚР Сыртқы істер министрлігінің әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарына бейілдігін көрсетіп, ведомствоның гуманитарлық және әлеуметтік мәселелерді шешуге белсенді қатысуын айғақтайды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан алғаш рет телекөпір режимінде робот-ассистенттелген технологияны қолдана отырып, трансұлттық операцияға қатысты, деп хабарлайды ...

Астана, 2025 жылғы 18 шілде – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қатысуымен жүзеге асырылып жатқан қайырымдылық жобасы аясында «Арнаулы...