Шымкентте 150 орындық оңалту орталығының құрылысы жүргізілуде

Шымкентте 150 орындық оңалту орталығының құрылысы жүргізілуде

Абай ауданындағы 150 орынға арналған мүгедектерді оңалту орталығының құрылысы өткен жылы желтоқсанда басталды. Жобаға сәйкес, нысан 5 блоктан тұрады. Жалпы, жер телімі 5,3 га аумақты құрайды. Орталықта сауықтыру мақсатындағы жүзу бассейні, спортзал, акт зал, 3 қабатты оңалту корпусы, асхана және 2 блоктан тұратын 2 қабатты стационар мен қосымша техникалық ғимараттар қарастырылған.

Қазіргі таңда нысанның жер жұмыстары жалғасып, уақытша ғимараттар орнату жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарына 30 жұмысшы, 29 арнайы техника жұмылдырылған. Ғимарат құрылысын 2026 жылы аяқтау жоспарланып отыр.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан алғаш рет телекөпір режимінде робот-ассистенттелген технологияны қолдана отырып, трансұлттық операцияға қатысты, деп хабарлайды ...