Дархан Сатыбалды 2026 жылы Алматыда қаланы тазарту мен абаттандыру жұмыстарының көлемін ұлғайтуды тапсырды

Дархан Сатыбалды 2026 жылы Алматыда қаланы тазарту мен абаттандыру жұмыстарының көлемін ұлғайтуды тапсырды

 

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды «Алматы Тазалық» коммуналдық кәсіпорнына барып, қаланы тазалау және абаттандыру көлемін кеңейтуге бағытталған 2026 жылға арналған жоспарлармен танысты.

Кәсіпорын ұсынған жаңа жобаға сәйкес, алдағы жылдан бастап Алматыда көше-жол желісін және жасыл аймақтарды күтіп ұстау «қасбеттен қасбетке дейін» қағидаты бойынша жүзеге асырылмақ. Бұл тәсіл бір ұйымға жол төсемін, тротуарларды, арық жүйелерін, сондай-ақ жасыл желектер мен буферлік аумақтарды күтіп ұстау міндетін кешенді түрде жүктейді.

Кәсіпорынның мәліметінше, 2026 жылы «Алматы Тазалық» қызмет көрсететін аумақтың көлемі 15 миллион шаршы метрден 26 миллион шаршы метрге дейін ұлғаймақ. Бұл тізімге жалпы ұзындығы 1180 шақырым болатын 687 магистральды көше енеді. Қаланың инфрақұрылымын сапалы ұстау үшін бағбандар, агрономдар, арбористер мен дендрологтар қатарын көбейту және 319 бірлік жаңа арнайы техника сатып алу жоспарланған.

Сонымен қатар, жол-жөндеу және тазалық жұмыстарына арналған қазіргі тарифтер 2001 жылы базалық бағалар негізінде есептеліп, инфляция деңгейінде ғана түзетіліп келгені атап өтілді. Ал материалдар мен ресурстардың құны айтарлықтай өскен.

Қазіргі таңда көше-жол желісі мен жасыл аймақтарды күтіп ұстауға арналған тарифтерді жаңарту және қайта есептеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл бағыттағы зерттеулермен Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты айналысып отыр. Әкім қала қызметтеріне осы жұмысты қараша айының соңына дейін аяқтап, мәслихаттың қарауына ұсынуды тапсырды.

Дархан Сатыбалды жоспарланған жобаларды тиімді жүзеге асыруды және қала инфрақұрылымын күтіп-баптауды қамтамасыз етуді міндеттеді.

«Бізге «қасбеттен қасбетке дейін» қағидатына көшу қажет. Қызмет сапасын арттыру үшін кадр әлеуетін нығайтып, заманауи тәсілдерді енгізу маңызды. Қала коммуналдық кәсіпорындарды қажетті техникамен және ресурспен қамтамасыз етіп отыр. Енді бастысы, сенімнен шығып, тұрғындарға жоғары деңгейдегі қызмет көрсету», — деді Алматы әкімі.

Сонымен қатар, коммуналдық қызметтердің жұмысын тиімді басқару мен ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында Алматыда кәсіпорындардың қызметін нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік беретін бірыңғай цифрлық платформа енгізіледі. Жүйе арқылы техниканың қозғалысы, мердігер ұйымдардың жұмыс тиімділігі және ресурстардың бөлінуі талданады. Болашақта бұл жүйе қаланың басқа да қызметіне енгізіліп, жедел басқару орталығымен біріктіріледі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Алынған мәліметтерге сәйкес, референдумға қатысуға құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны 12 миллион 482 мың 613 адамды құрады, деп...

Біздің еліміз Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен сенімді түрде дамудың жаңа кезеңіне қадам басты, деп хабарлайды No-comment.kz - ...

«Қазмедиа орталығының» студиясында экзит-полл нәтижелері таныстырылғаннан кейін Мемлекет басшысы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды No-comment.kz - ...

Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен баспасөз конференциясында Игорь Петришенко ТМД миссиясы Қазақстанда 19-рет бақылау...

Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен баспасөз конференциясында ТМД Парламентаралық ассамблеясының байқаушылары өз пікірлерін білдірді, деп...