ЖАҢАТАЛАПТАҒЫ 1361 АБОНЕНТ САПАЛЫ ЭЛЕКТР ҚУАТЫМЕН ҚАМТЫЛДЫ

ЖАҢАТАЛАПТАҒЫ 1361 АБОНЕНТ САПАЛЫ ЭЛЕКТР ҚУАТЫМЕН ҚАМТЫЛДЫ

Республика күні қарсаңында Шымкенттің “Абай” ауданына қарасты “Жаңаталап” елді мекеніндегі подстанция іске қосылды. Енді жергілікті 1361 үй сапалы электр қуатымен қамтылатын болады.
Салтанатты шараға қала әкімі Мұрат Әйтенов арнайы қатысып, жергілікті халықтың қуанышына ортақтасты.
Берілген уәденің уақытылы орындалғанына дән риза халық әкімге алғысын жаудырды.
“Біздің бірнеше жылдан бергі мақсатымыз орындалды. Халықпен етене жұмыс істейін ашық үкімет осындай болар. Тұрғындардың уәжін тыңдап, соны жүзеге асыру үшін елді мекенімізде құрылыс жұмыстары былтыр басталған еді, міне енді бір жылға жетпей, бекітілген мерзім ішінде сапалы электр энергиясын тұтынатын болдық”,-деді көпшілік.
Айта кетейік, Жаңаталапқа 42,190 шақырым электр желісі тартылып, 21 трансформатор мен 1312 бағана орнатылған. Тұрғындар электр қуатын бүгінге дейін жекеменшік желіден тұтынып, әр кВТ үшін 27-30 теңге аралығында төлем жасап келген. Енді олар бұрынғыдан қарағанда тиімді бағамен, яғни 17,9 теңгемен төлем жасайтын болады.
Қазіргі уақытта құжаттары дайын үйлерге абоненттеу жұмыстары жүргізілуде.
Жыл соңына дейін “Достық”, “Тұран”, “Нұртас”, “Сәуле”, “Жаңаталап” және “Солтүстік саяжай” елді мекендеріндегі құрылыс жұмыстары толықтай аяқталады. Құрылыс жұмыстары 100% орындалып, жоспарға сай 2023 жылдан бастап мегаполис тұрғындары электр қуатынан тапшылық көрмейтін болады.
Шымкент қаласын электр қуатымен қамту көрсеткішін биыл 98 пайызға жеткізу жоспарға қойылған. Бұл мақсатта 5 елдімекен – Жаңаталап, Достық, Тұран, Нұртас, Сәуле шағын ауданында және Бозарықта 1 қосалқы станция, «Ақжар» 110 кВ қосалқы станцияларында құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға беріледі. Ал, Ынтымақтағы қосалқы станция, Нұрсат, Қайнарбұлақ, Батыс, Солтүстік саяжай шағын аудандарында құрылыс жүруде, келер жылы аяқталады. Нәтижесінде 2023 жылы қаланың электр қуатымен қамтылу деңгейі 100 пайыздық көрсеткішке жетеді.
Алғашқы жарты жылдықтағы жұмыстар нәтижесінде - Ақжардағы қосалқы станциясы жұмысы 97 %, Сәуле 97 %, Cолтүстік саяжай 88 %, Достық 80 %, Жаңаталап 67 %, Тұран 2-3 64%, Батыс 56 %, Нұртас 50%, Қайнарбұлақ 45 %, Бозарық 45 %, Нұрсат 33% орындалған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астана, 2025 жылғы 18 шілде – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қатысуымен жүзеге асырылып жатқан қайырымдылық жобасы аясында «Арнаулы...

Қазақстан құрамасы әлемдік деңгейдегі зияткерлік сайыстарда жоғары нәтижелер көрсетуді жалғастыруда. Аустралияда өткен мектеп оқушыларына арналған...

Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Жамбыл облысының әкімдігі судың «көлеңкелі нарығына» қарсы күрес жөнінде бірлескен іс-шаралар жоспарын...