Шымкент қаласының бас жоспарына сәйкес, қазіргі таңда Бәйдібек би даңғылы мен Арғынбеков көшесінің қиылысында аяқталуы 2023 жылдың соңына жоспарланған жолайрық құрылысы жүргізілуде.
Көлік кептелісін азайту мақсатында, Бәйдібек би даңғылымен солтүстіктен оңтүстік бағытта қозғалатын көліктерге Арғынбеков көшесіне батыс бағытта оң жақ бұрылу жолы және Арғынбеков көшесімен шығыстан батыс бағытқа қозғалатын көліктерге Бәйдібек би даңғылына солтүстік бағытта оң жақ бұрылыс жолы ашылады.
Сонымен қатар, сол күні Бәйдібек би даңғылы екі бағытта толығымен жабылатын болады. Аталған көшеге балама жол ретінде Жүсіпов көшесі қарастырылған.
Ашылу мерзімі: 01.11.2022 жылы сағат 15:00 де.
Үш деңгейлі жолайрық құрылысы 2022-2023 жылдар аралығында қаланың көлік қозғалысын реттеудің кешенді жоспарына сәйкес жүзеге асуда. Жолайырық құрылысы аяқталғанда, көлік өткізгіштік деңгейі екі есеге артпақ.
Жобаның техникалық сипатына орай Бәйдібек би даңғылы бойынан 700 метр, Арғынбеков көшесі бойынан 921 метр жол аралығы құрылыс аумағына енгізілген. Жолайырықта ені 80 метрлі төрт-алты жолақты автомагистраль салынып, жол жиегіне жаяу жүргіншілер және веложол төселеді деп жоспарлануда.
Қазіргі уақытта жолайырықтың Арғынбеков көшесі бойында тіреу қабырғаларын орнату және Бәйдібек би даңғылы бойында көпір өткелі конструкциясының негіздері темір-бетонды тірек конструкцияларының құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Естеріңізде болса, 6-шілде күні, Бәйдібек би даңғылы бойында көлік қозғалысы тоқтатылған болатын. Ал. Тамыз айының 31 күні көлік жүктемесін азайту мақсатында Бәйдібек би даңғылының бойымен бір бағыттағы жол солтүстікке қарай уақытша ашылған-ды. Ендігі кезекте, жұмыстарды ыңғайластыра отырып Қараша айында нөмірі 1 және нөмір 4 оң жақ өткел жолында көлік қозғалысын ашу жоспарланған.
Өздеріңізге белгілі, Шымкент қаласының бас жоспарына сәйкес қазіргі таңда Бәйдібек би даңғылы мен Арғынбеков көшесінің қиылысында аяқталуы 2023 жылдың соңына дейін жоспарланған жолайрық құрылысы жүргізілуде.
Көлік кептелісін азайту мақсатында Бәйдібек би даңғылының бойымен бір бағыттағы жол солтүстікке қарай уақытша ашылатынын хабарлаймыз.
Жұмыс кезеңдеріне сәйкес, көлік кептелісін жеңілдету мақсатында, құрылыс жұмыстарымен ыңғайластыра отырып жолайырықтан өту мүмкіндіктерін қарастырып, алдын ала хабарлап отыратын боламыз.
Д.Қонаев даңғылының 5 кезеңіндегі құрылыс жұмыстары Бадам өзенінен бастап Д.Қонаев даңғылы жалғысының 6 кезеңіне дейін аралықты қамтиды.
АРҒЫНБЕКОВ КӨШЕСІНЕН БӘЙДІБЕК БИ ДАҢҒЫЛЫНА ӨТЕТІН ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫ ҚАРАШАНЫҢ 1 КҮНІ САҒАТ 15:00 ДЕ АШЫЛАДЫ
