Елімізде банкроттыққа өтінішті енді онлайн беруге болады

Елімізде банкроттыққа өтінішті енді онлайн беруге болады

Елімізде банкроттыққа өтінішті енді онлайн беруге болады. Бұл туралы Информбюро арнасы хабарлады.

Осы мақсатта жаңадан “Qoldau” атты ақпараттық жүйесі іске қосылды. Цифрлық платформа арқылы отандастарымыз өзін банкрот деп жариялауға мүмкіндігі бар-жоғын автоматты түрде тексере алады.

Яғни, 24 мемлекеттік орган біріктірілген базада өтініш берушінің қаржылық жағдайы тексеріледі. Жаңа жүйенің көмегімен жеке тұлғаларға банкрот мәртебесі берілетіні немесе қандай себеппен өтініш қабылданбағаны туралы хабарлама алуға болады. Айта кетейік, жаңа заң күшіне енгелі бері 13 мыңнан астам адам соттан тыс банкрот деп танылған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ