Бүгін Алматыда «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының кезекті жеңімпаздары марапатталды. Бұл туралы Информбюро хабарлады.
Биыл айтулы шараға қатысуға шаһардың әр ауданынан 230-дан астам өтініш келіп түскен. 26 ұрпағы темір жол саласында еңбек еткен Қапышевтар әулеті байқау талаптарынан сүрінбей өтіп, жеңімпаз атанды. Енді олар Алматы атынан республикалық салтанатты марапаттау рәсіміне мүмкіндік беретін жолдамаға ие болды. "Мерейлі отбасы" конкурсына қатысушылардың саны жыл сайын артып келеді.
Биыл байқауға 230 аса өтініш келіп түскен. Сайыс талабына сай келетін 8 отбасы алғашқы іріктеу кезеңінен өтіп, қалалық байқауда бақ сынады. Әр қатысушы өз саласында адал еңбегімен танылған мәуелі бәйтеректей жапырағы кеңге жайылған мақтаулы әулет. Соның бірі Қапышевтар жанұясы. Сонау 1932 жылдан бері темір жол саласында қызмет етіп, ұрпағының барлық буыны өмір жолын шойын жолмен тоғыстырған Қапышевтар әулетін «Мерейлі отбасы» байқауында топ жарды.