«Indrive», «Яндекс» жүргізушілеріне қала арасында жолаушы тасымалдауына шектеу қойылмақ

Елімізде «Indrive», «Яндекс» такси қызметі арқылы қала арасында жолаушы тасымалдауға шектеу қойылуы мүмкін. Бұл туралы Информбюро 31 арнасы хабарлады.

Нақтырақ айтсақ, такси жүргізушілеріне тек 50 шақырым қашықтыққа ғана қатынауға рұқсат берілмек. Бұл бастаманы Көлік министрі Марат Қарабаев көтерді. Жауапты ведомство басшысы жаңа талаптың көмегімен қала аралық бағыттағы автобустарға сұранысты арттырамыз деп отыр. Ал, жолаушы тасып күнелтіп жүрген қарапайым такси жүргізушілерін пікірін біреу сұрады ма? Тақырыпты қызылордалық әріптесім Абай Нұржанұлы тарқатады. Қазір тұрақты жұмысы жоқ жандардың дені “индрайвер” қызметі арқылы алыс жолға адам тасып, табыс тауып жүр. Оның үстіне бұл қосымшаға жолаушылар арасында да сұраныс жоғары. Бірақ көлік министрі Марат Қарабаев такси жүргізушілеріне қала арасында қатынауына шектеу қойылуы мүмкін дейді.

МАРАТ ҚАРАБАЕВ, ҚР Көлік министрі:

– Индрайверлерлердің енді 50 шақырымнан ұзақ жолаушылар тасымалдауына мүмкіндік берілмейді. Бізге маңыздысы қауіпсіздік. Қазір заңсыз жолаушы тасымалдап жүрген көліктердің көбінің рөлі оң жақта. Не оң жақ рөлді, сол жағына өздері ауыстырған. Мұндай көліктердің жол апатына түсуі жиілеген. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін адамдар тұрақты автобус қызметтерін таңдауы қажет. Онда жүргізушілер медициналық тексерістен өтеді. Яғни ережені елемей, жолаушы толы көлікпен жүйіткігеннің соңы жантүршігерлік жол апаттарына әкеп соғып жатыр деген пікірде министр. Сондай-ақ, жаңа талап арқылы ұзақ жолға шығатын автобустардың жұмысын жандандыру көзделген. Ал такси жүргізушілері бұл бастама ақылға қонымсыз дейді.

Көпшілік такси қызметіне шектеу қоймай, қайта жүргізушілерді қатаң бақылауға алған дұрыс деп санайды. Алайда жауапты ведомство басшысы жаңа ережені енгізбес бұрын халықтың талап-тілегін ескереміз деп отыр.

Watch the video

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Алынған мәліметтерге сәйкес, референдумға қатысуға құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны 12 миллион 482 мың 613 адамды құрады, деп...

Біздің еліміз Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басшылығымен сенімді түрде дамудың жаңа кезеңіне қадам басты, деп хабарлайды No-comment.kz - ...

«Қазмедиа орталығының» студиясында экзит-полл нәтижелері таныстырылғаннан кейін Мемлекет басшысы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды No-comment.kz - ...

Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен баспасөз конференциясында Игорь Петришенко ТМД миссиясы Қазақстанда 19-рет бақылау...

Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен баспасөз конференциясында ТМД Парламентаралық ассамблеясының байқаушылары өз пікірлерін білдірді, деп...