Жаратқанның сыйы

Жаратқанның сыйы

Тәуелсіздік - халықтың үні, ұлттың тілі мен діні. Тәуелсіздік - халықтың тойы, елдің тойы. Еліміз қалай болғанда да сан ғасырлық қиын қыстау жолдан, тар жол тайғақ кешуден өтіп, тәуелсіз елдер қауымдастығына қосылды. Отанымыз, Қазақстан туралы айтарымыз да, мақтанарымыз да өте көп.                            

Тәуелсіздік – ең алдымен Қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік - ең қастерлі ұғым. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды.

Мен үшін мемлекетіміздің тәуелсіздігі – халқымыздың бақыты. Басты мақсаттарымыз егемендікті нығайту, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Сондықтан бүгінгі күні халқымыз  өткеннен қалған тарихи өнегені, отансүйгіштікті, ұлтына деген махаббатты жоғалтпай, әрі қарай  жастардың патриоттық сезіміне енгізуге ерекше көңіл бөлу жалғасын тауып отыр.

Тәуелсіздік - ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт-сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы. Жер бетінде қанша ұлт болса, сонша арман бар. Сол арманға біздің қазақ халқы жеткені Жаратқанның үлкен сыйы деп білемін.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Алдағы 5 жылда Шымкентте 600 мың ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланған. Биыл 200 мыңға жуық ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары жүргізілуде.  Қала...