Шымкентте «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы арқылы 8 мыңнан астам адам тұрақты жұмысқа орналасқан. Халықты жұмыспен қамту орталығының мәлімдеуінше, қала бойынша 236 жоба нақтыланған. Осы жобалардың негізінде 8380 жұмыс орны ашылады, 4190 жергілікті жұмыссыздарды жұмысқа жолдау көзделген. Бүгінгі таңда 7536 жұмыс орындары ашылып, оның ішінде халықты жұмыспен қамту орталығы тарапынан 3815 адам (50,4%) жолданды. Қазіргі жағдай бойынша 8000-нан астам адам тұрақты жұмыспен қамтылып, 6255 адам уақытша жұмыс орындарына жолданды. Мысалы, жастар практикасына – 1829, қоғамдық жұмыстарға – 4153 және әлеуметтік жұмыс орындарына 273 адам жолдама алып, жұмыспен қамтылған. Жаңа жұмыс орындарына 1566 адам жолдама алды. Сондай-ақ, жұмыссыздар үшін арнайы байланыс номерлері де іске қосылған.
Әл-Фараби ауданы: 8705 851 90 00, 8708 179 19 87, 8776 218 02 27, 8702 827 43 24, 8777 096 00 00.
Абай ауданы: 8747 310 35 70, 8701 300 60 27, 8771 620 13 33,
8771 662 90 89.
Еңбекші ауданы: 8771 828 40 37, 8707 970 90 90, 8707 726 40 13, 8708 107 00 64, 8777 160 42 75, 8702 696 76 96.
Қаратау ауданы: 8775 409 36 16, 8771 986 91 50, 8747 330 23 96, 8701 242 62 70, 8702 662 34 70, 8777 105 36 37, 8700 380 10 70,
8778 535 24 95.
No-comment.kz