Блогер Мамай мен Иманбаева туралы: «Ерлі-зайыптылар журналистік зерттеу әдістерінен мақұрым екені анық»

Блогер Мамай мен Иманбаева туралы: «Ерлі-зайыптылар журналистік зерттеу әдістерінен мақұрым екені анық»

Қазақстандық блогер Ораз Әлімбек тіркелмеген демпартия белсендісі Жанболат Мамайдың митингілері мен журналисттік зерттеу деп атап жүрген видеолары туралы пікір білдіріпті.

«Халықты соңымнан ертіп алам деп саясат алаңына шыққан Жанболат Мамай екі майданды да маңдытпады. Шерулетіп митинг өткізбек болған, бірақ оның ұранына ешкім елітпейді, алаңға Мамайға ақылы қызмет көрсететін жақтастары ғана шығады. Ал демократия идеясына шындап берілгендер оның қасында жоқ. Неге?

Менің ойымша, Қазақстанда билікке наразылар біршама көп, олар өздерінің наразалығын алаңда білдіргісі-ақ келеді. Дегенмен, митинг ұйымдастырғыш Мамай секілді белсенділер халықтың көкейін тесіп бара жатқан мәселені қозғамайды, яғни митинг тақырыбын дұрыс таңдай алмай жүр.

Мамай жұртқа жақпайтын шетін тақырыпты көтеріп, әдейі наразы жұрттың көңілін су сепкендей басып тастау үшін саяси тапсырыс орындап жүрген шығар. Қалай десек те, Мамай халық қалауынан алыс адам, ол мына түрімен ешқашан саясаткер бола алмайды» - дейді блогер.

Ораз Әлімбек Жанболат Мамайдың «журналисттік зерттеулеріне» де тоқталып өткен.

«Мамай және оның жалдамалы командасы жоғары лауазымды шенеуніктерді абыройдан жұрдай ету үшін жасаған журналистік зерттеуі де нәтиже бермеді. Кімді болсын тырп еткізбейтін, фактіге сүйенге компромат тастай алмады. Мамай мен Иманбайдың Бауыржан Байбекпен соттасып, оңбай жеңіліп қалуы соған дәлел. Ерлі-зайыпты екеудің журналистік зерттеу әдістерінен мақұрым екені осы жерде анық байқалды.

Мамайдың басқа шенеуніктердің дүние-мүлкін термелегені де сәтсіз, сенімсіз шықты. Тырп еткізбей қоятын факт атымен жоқ, жөндем аргумент те айтылмады. Бұл жерде мәселені терең зерттеп, дәлел мен күмәнді екшеп, асықпай анализ жасай алатын сарапшыға тән қасиет ескерусіз қалды, тез-тез айтып тастайын деген желөкпелікке бой алдырды. Асығыс жасалған тірлік оңбайтыны белгілі жайт емес пе. Тіпті, «Асығу – шайтанның ісі» деген мақал бар. Саясат болсын, басқа тірлік болсын, бәріне жағдайға сай жоспар құрып барып әрекет ету керек. Әсіресе, саясат алаңында аңдамай қадам жасауға болмайды. Осыны ескерген адам ғана халықты соңынан ерте алатын нағыз саясаткер болады» - деп блогер жазбасын аяқтаған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Алдағы 5 жылда Шымкентте 600 мың ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланған. Биыл 200 мыңға жуық ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары жүргізілуде.  Қала...