Сарапшы Б. Серікбаев: «Nur Otan» - елдің тұтастығын сақтап, нақты ауқымды істерді атқара алар, саяси институт ретінде қалыптасқан партия»

Сарапшы Б. Серікбаев: «Nur Otan» - елдің тұтастығын сақтап, нақты ауқымды істерді атқара алар, саяси институт ретінде қалыптасқан партия»

Мұндай мәлімдемені белгілі сарапшы Бауыржан Серікбаев өзінің Facebook парақшасында жариялады.

Сарапшы «Nur Otan» партиясының пандемияның кезінде атқарған жұмыстарын тізбектеп жазған.

«Елбасымыз «Nur Otan» партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында партия төрағалығын президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаға табыстайтынын жариялағалы бір айға жуықтады. Алдағы уақытта партия съезі өтетіні де белгілі. Сол жиында партияның келешек қадамдары да анықтала жатар. 
 
Осы орайда партияның соңғы 2,5 жылдағы атқарған жұмыстарына тоқаталып өткен дұрыс деп ойлаймын. Күнделікті атқарар шаруалар бір бөлек. Бірақ елдің саяси өмірінде ерекше орын алған бірнеше факторларға тоқталып өту қажет:
 
? Соңғы Парламент сайлауында партия елімізде алғаш рет праймериз өткізуді қолға алды. Негізі қоғам тарапынан праймеризге деген сұраныс болмаған. Дегенмен партия жаңару әрі реформа үшін бұл саяси бастаманы қолға алды. Осы праймериздің өтуімен кез-келген ел азаматы партия қатарына қосылып аудандық, қалалық, облыстық маслихаттарға, Мәжіліске депутаттыққа кандидат ретінде қатысуға мүмкіндік алды. Нәтижесінде жергілікті маслихаттардағы «Nur Otan» партиясы фракциясының құрамы 65% жаңарды. 
 
? Пандемия шарттарында «Biz Birgemiz» акциясы аясында партия мүшелері мен белсенді азаматтар тарапынан 34 млрд теңге жиналып еліміз бойынша 2,2 млн азаматқа көмек көрсетілді. 1 миллионға жуық азамат материалдық көмек алды. Мұндай ауқымды жұмысты република деңгейінде ұйымдастыра білу партияның әлеуетін көрсететін бірден бір көрсеткіш. 
 
? Қоғамның әрбір бөлігімен жеке-жеке жұмыс жасалды. «Ұлттық мұра» жобасы аясында 6 республикалық, 8 облыстық, 3 аудандық айтыс додасы ұйымдастырылды. Жыл басынан бері партияға 198 азамат әртүрлі шағымдармен келген. Әрбір азаматтың мәселесі қаралып 98% шешілген. Тегін құқықтық, консультациялық кеңестер берілген. «Кедергісіз келешек» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін 70 мың азаматтың қатысуымен 6 мың іс-шара ұйымдастырылған. 
 
? Өңірлерді дамытудың 216 арнайы бағдарламасы дайындалды. Барлық аудан, қала, ауыл мен облыс оталықтарының даму келешегі айқындалды. Жол, көпір, мектеп, аурухана құрылысы секілді жобалардың қайда, қашан салынатыны, орындалу мерзімі бекітілді. 
 
? Барлық бағдарламалардың орындалу барысын бақылайтын қоғамдық кеңестер құрылды. 2022 жылдың ақпан айынан бастап барлық 2700 депутаттардың жұмысын бағалайтын рейтингтік жүйе іске қосылады. Бұл елге ашық форматта өтеді.
 
? Партия сайлауда жергілікті жердегі халықтың 82% даусын алды. Праймериз арқылы партия жаңа лидерлермен толықты. 
 
? Ауыл әкімдерін сайлауда партия 87% ауылдық округтерде жеңіске жетті.  
 
Егер реали көбен қарасақ қазіргі таңда Қазақстанда елдің тұтастығын сақтап, мемлекеттікті нығайтып, нақты ауқымды істерді атқара алар, саяси институт ретінде қалыптасқан бірден бір партия «Nur Otan» екенін аңғару қиын емес. Сын айту басқа. Оңай. Жауапкершілік алмай сынау барлығының қолынан келеді. Ал, нақты ауқымды жұмыстарды істей білу, тұрақты әрі ұзақ мерзімді стратегия құрып, оны орындай білу үшін саяси институт ретінде орныққан партиялық құрылым болуы тиіс. «Nur Otan» партиясы бұл межеге жеткен, қалыптасқан, орынққан партия деуге толық негіз бар» деп жазды Б. Серікбаев.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Алдағы 5 жылда Шымкентте 600 мың ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланған. Биыл 200 мыңға жуық ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары жүргізілуде.  Қала...