Қазақстанда жалдамалы пәтер қымбаттады

Қазақстанда жалдамалы пәтер қымбаттады

Қазақстандық сарапшылар жалдамалы пәтерлердің 10 пайыз қымбаттағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алматы" телеарнасына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда да сондай жағдай. Ал алматылық риелторлар бағаның өспегенін, керісінше арзандағанын айтып отыр.

Қазір Алматыда жақсы пәтерді жалға алу оңай емес. Бұл туралы Тараздан жұмыс істеуге келген Сабина Бердібекова айтты.

"Алматыда бірнеше жылдан бері тұрамын. Жақсы пәтерді табу айтарлықтай оңай емес. Медеу ауданынан бір бөлмелі пәтер таптым. Риелторсыз. Жолым болды. Оған 120 мың теңге төлеймін, сыртында коммуналдық төлем тағы бар. Бұл аудан үшін мұндай баға арзан болып есептеледі. Егер нарыққа қарасақ, бағалары 90 мыңнан 500 мыңға дейін жетеді", - деді жалға алушы Сабина Бердібекова.

Риелтор Фархат Аяпов телеарнаға пандемиядан кейін жақсы үрдіс пайда болғанын айтты. Пәтер иелері хабарламаны өз атынан жиі бере бастаған.

"Күзде баға өсуі мүмкін деген болжам жоқ. Қазір пәтерді жалға алатын негізгі контингент - студенттер жоқ. Себебі нарықтың 70-80 пайызы - студенттер. Яғни олар 2-3 адам болып жиналып, пәтер жалдайды. Олар жоқ болған соң пәтер жалдаудың бағасы 30-40 пайыз арзандады", - деді Аяпов. 

Қыркүйек айында сатылатын пәтер бағасы төмендеген. Шектеу шараларына дейін баға шаршы метріне 460 мың теңгеден болса, қыркүйекте 430 мың теңгеге түскен.

https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/kazakstanda-jaldamalyi-pater-kyimbattadyi-312782/

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Бүгін таңертемен спорт сүйер көпшілік қаламыздың мақтанышы “Дендросаябаққа” жиналды. Онда Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай жаппай жүгіру...

«Интер Майами» добился крупной победы и лидирует в МЛС. Нью-Ингленд Революшн — Интер 1:4 Через неделю «Интер Майами» ждет первое в нынешнем сезоне испытание повышенной...