«Оң өзгеріс байқалмайды». Құл-Мұхаммед Білім министрлігінің жұмысын сынға алды

«Оң өзгеріс байқалмайды». Құл-Мұхаммед Білім министрлігінің жұмысын сынға алды

Үкімет басшысының атына жолданған сауалда депутат қашықтан оқытуға қатысты өзекті мәселелерге назар аударған. Сенатор отандық онлайн білім беру платформаларына ортақ кемшілік ретінде олардың жұмыс істеу жылдамдығының төмендігін айтты. Оның сөзіне қарағанда, интернет-трафиктің дәл сондай көлемімен шетелдік онлайн ресурстар мен қосымшалар анағұрлым тез жұмыс істейді. Осыған орай депутат жаңа онлайн білім платформасын әзірлеген кезде осы мәселенің ескерілгені орынды екенін атап өтті.

Сондай-ақ, сауалда қашықтан оқыту барысында, әсіресе, шетелдік қосымшаларды пайдаланған кезде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жат бейнежазбалардың тарап кетпеуінің алдын алу, кезекші сыныптарды ұйымдастыру және білім алу үдерісіне мәжбүрлі түрде қатыса алмай отырған аз қамтылған отбасылар балаларының санына талдау жүргізу жұмыстарына баса мән берілген.

«Теріс контентті көрсету мақсатында қаскүнемдердің конференцияларды үзу және оларға қосылу мүмкіндігі елеулі қауіп төндіруде. Мұндай жағдайлар биылғы жылы орын алды және алдағы уақытта да қайталанатыны анық. Жоғарыда айтылған факторлар дереу аналогты отандық бейнебайланыс платформаларын құруды талап етеді. Ағымдағы жылдың шілде айында ҚР БҒМ қазіргі білім беру платформаларын тезірек жетілдіруге сендірген болатын, бірақ көріп отырғанымыздай, оң өзгерістер байқалмайды. Ағымдағы жылғы 9 қыркүйекте Ұлттық экономика министрі жаңа онлайн білім платформасы әзірленетіндігі туралы баяндаған болатын. Осыған байланысты нақты мерзімдерін жариялай отырып, Үкіметтің осы міндетті орындауға жауапты нақты мемлекеттік органды айқындағаны орынды болар еді», - деді сенатор.

Осы айтылған мәселелерді ескере келе сенатор Мемлекет басшысының бірыңғай білім беру онлайн-платформасын құру туралы тапсырмасы нақты қандай мерзімде іске асырылатынын сұрады.

«Онлайн білім беру платформасын құруға мүдделі мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы айқындалды ма? Процесті жылдамдатуға техникалық мүмкіндіктер бар ма? Бұл жұмысқа бюджеттен қосымша шығындар қарастырылған ба? Қашықтан оқыту аясында азаматтардың тегін орта білім алуы үшін конституциялық кепілдіктер қамтамасыз етілген бе?», – деді Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Сондай-ақ, сауал барысында ұзақ мерзімді қашықтан оқытудың салдарынан білім беру деңгейінің төмендеуімен байланысты алдағы уақытта қандай шараларды қолға алынатыны және әртүрлі әлеуметтік топтардағы білім алушылардың арасындағы білім беру деңгейінің алшақтықтығын азайту бойынша Үкіметтің қандай жоспары бар екені сұралды.

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Бүгін таңертемен спорт сүйер көпшілік қаламыздың мақтанышы “Дендросаябаққа” жиналды. Онда Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай жаппай жүгіру...

«Интер Майами» добился крупной победы и лидирует в МЛС. Нью-Ингленд Революшн — Интер 1:4 Через неделю «Интер Майами» ждет первое в нынешнем сезоне испытание повышенной...