Алматы полициясы отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті күшейтті

Алматы полициясы отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті күшейтті

2022 жылғы қыркүйекте Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағаны үшін жауапкершілікті күшейту туралы тапсырма берілген болатын.

Тәжірибе көрсеткендей, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының көпшілігі өмірлеріне қауіп төнген кезде полицияға жүгінеді, бірақ қызметкерлер келген кезде агрессорлардың үстіне арыз жазудан бас тартады. Полиция қызметкерлері кеткеннен кейін отбасындағы кикілжіңдер мен ұрыстар жалғасып, кейде ауыр зардаптарға әкеп соғады.

Осыған байланысты, ҚР ІІМ құқық қолдану тәжірибесі мен халықаралық тәжірибе негізінде заңнамалық өзгерістерді әзірледі.

«Енді, біріншіден, тұрмыстық құқық бұзушылықтарды тіркеудің арыздану сипаты болмайды, демек, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың орын алуы дерегі бойынша анықтау болады. Хаттама толтыру үшін куәгерлердің, көршілердің айтқандары, бейнебақылау камералары мен бейнетіркегіштердің жазбалары жеткілікті болады, соңғы шешімді сот шығарады. Екіншіден, тараптардың қайта татуласу мүмкіндігі алынып тасталады. Қазіргі уақытта әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар арыз болса, біз әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырамыз, бірақ оның жартысы татуласуына немесе жәбірленушінің ойының өзгеруіне байланысты сот тәртібімен тоқтатылады. Бұл агрессордың немесе туыстарының көндіру және қысым көрсетуінің нәтижесінде орын алып отыр», - деді, Алматы қалалық ПД ЖПҚБ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімінің аға инспекторы, полиция подполковнигі Ақбота Әбілқасымова.


Үшіншіден, тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік күшейтілді. Әкімшілік қамауға алудың нақты мерзімдері анықталды. Қолданыстағы заңнама тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін 5,10,15 тәулікке дейін қамауға алуды қарастырады. Іс жүзінде соттар шешім шығарған кезде 1 тәуліктен 5 тәулікке дейін қамауға алумен шектелді. Енді «дейін» сөзі алынып тасталды.

Қылмыстық кодекстің жеке баптарында, ҚК-тің 106, 107 бабында, денсаулыққа орташа ауырлық тигізуіне байланысты, «кінәліге қаржылай немесе өзге де тәуелді болып табылатын адамға қарсы әрекет жасау» деп енгізілді.

Қылмыстық кодекске енгізілген түзетулер 2023 жылдың 19 мамырынан бастап күшіне енеді.

ҚР ӘҚбК-дегі өзгертулер 01.07.2023 жылдан бастап күшіне енеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Алдағы 5 жылда Шымкентте 600 мың ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланған. Биыл 200 мыңға жуық ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары жүргізілуде.  Қала...