Егер Шымкент қаласының тұрғындарына әкімді сайлау құқығы берілсе, сіз кімді таңдар едіңіз?
Қала әкімінің идеология саласына жауап беретін бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқанды ма, әлде энергетика саласына жауапты орынбасары Бауыржан Мамыталиевты ма?
«Неге бұл орынбасарлары?» деген сұрақ туындауы да мүмкін. Себебі, аты аталған әкім орынбасарларының қоғам мен әлеуметтік желідегі белсенділігі жоғары, абыройы асқақ. Ең бастысы - өз ісінің нағыз мамандары.
Жақында ғана орынбасарлыққа тағайындалған Шыңғыс Жұмабекұлы әлеуметтік мәселелерді шешуге білек сыбана кірісіп, өзінің алғыр да білікті екенін дәлелдеп тастады.
Ал, Бауыржан Жаймұрзынұлы 2018 жылдан бері осы қызметті атқарып, мол тәжірибе жинақтап қойған. Түрлі саланы бес саусағындай біледі.
Қазір қоғамда «Шыңғыс Мұқан мен Бауыржан Мамыталиев әкім болуға лайық» деген пікір аз айтылып жүрген жоқ.
No-comment.kz