ҚАЗЫҒҰРТ ШАҒЫН АУДАНЫНДАҒЫ МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ

ҚАЗЫҒҰРТ ШАҒЫН АУДАНЫНДАҒЫ МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ

Шымкент қаласы Тұран ауданына қарасты Қазығұрт шағын ауданындағы №66 жалпы орта білім беретін мектебі қазіргі уақытта күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Қала әкімі Мұрат Әйтенов бүгін аталған мектептегі құрылыстың жай-күйімен танысты.
Құрылыс жұмыстары биылғы жылдың мамыр айынан басталған. Іргетасы осыдан отыз жыл бұрын қаланған ғимарат 1260 орынға лайықтап салынған.
Мұнда қазір екі мыңнан аса оқушы білім алуда.
Үш қабатты нысанның күрделі жөндеу жұмыстары қазір 20 пайызға орындалды. Құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін жүргізіліп, жаңа жыл қарсаңында мектеп ұжымы мен оқушылар игілігіне беріледі деп күтілуде.
Шымкент қаласы Абай аудандық Ынтымақ шағын ауданының тұрғындары қала әкімінің бірыңғай қабылдауында №54 жалпы орта мектебінің спорт залының апатты жағдайын ретке келтіруді сұранған өтініш түсірген болатын.
Аталған мектепте 2000-нан астам оқушы білім алады. Тұрғындардың талап-тілегіне орай, қазір мектептің спорт залы жөндеуден өтіп жатыр және бұл мәселе жаңа оқу жылына оң шешімін табады.
Айта кетейік, жаңа корпуста күзет бөлмесі, асханадан бөлек, информатика және АКТ, қазақ тілі мен әдебиеті, математика, тарих, география, ағылшын тілі, химия, физика, биология пәндеріне арналған кабинеттер мен STEM кабинет және дебат қозғалысына арналған кабинет бар.
Мұнан бөлек физика, химия және биология зертханалары да қарастырылған. Ал мектеп-гимназияның ауласында балалар алаңы мен шағын футбол алаңы салынған.
Осылайша қаламызда үш ауысымды мектептер мәселесі бірте-бірте биыл шешімін табатын болады.
Бүгінде Абай ауданы бойынша мектептер саны – 29, жеке меншік 16 мектеп бар. Ал білім ордасына тапшылық -7 болса, мектеп жоқ 2 елді мекен бар. Аталған тапшылықты жою мақсатында 2023-2025 жылдары аралыңында «Жайлы мектеп Ұлттық жобасы» аясында 10 мектеп салу жоспарлануда. 2023-2024 жылдары 6 мектеп салу жоспарда.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ