«Ол – оқытушы»: Жұлдыз Әбдікәрімова әкесі жайлы бар шындықты айтты

«Ол – оқытушы»: Жұлдыз Әбдікәрімова әкесі жайлы бар шындықты айтты

Қайрат Нұртастың жары өз әкесі туралы бұған дейін еш жерде айтып көрмеген тың мәліметтермен бөлісті. Жұлдыз Әбдікәрімова желіде әкесіне жантебірентерлік жазба арнап, көпшілікке оның суретін көрсетті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жұлдызды әулеттің келіні желідегі оқырмандарына барынша ашылып, әкесі жайлы жан сырын ақтарды. Әбдікәрімова Instagram парақшасында аса әсерлі жазба жариялап, онда әкесі туралы бар шындықты айтты. Белгілі болғандай, Қайрат Нұртастың қайын атасы ЖОО-да оқытушы қызметін атқарады. «Оқырмандарым анамды танып қалды. Осы жазбамда әкем туралы айтқым келеді. Ол кісі – оқытушы. Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде сабақ береді. Болмысынан томаға тұйық. Психологиялық портреті нағыз мұғалімдікі. Оның алдына артық сұрақпен не бала боп еркелеп бара алмайтынбыз. «Жақсы оқыңдар, дұрыс жүріңдер!» - бізден талап ететіні – осы. Біз дегенім: екі әпкем, ағам және інім. Мен үйдің төртіншісімін. Әкемді танитындар оның мінезін жақсы біледі. Дөкейдің баласы болса да артық баға қойып көрмеген жан. Әкем үшін бірінші заң – әділеттілік. Оны студенттері де біледі. Бізді де «Ешқашан біреудің ала жібін аттамаңдар, түзу жүрсеңдер қисық болмайсыңдар», - деп, туралықпен тәрбиелеп отыратын. Әке деген біз үшін аяқ тартатын тұлға. «Әкеңе айтамын» деген сөз таяқтан да ауыр болатын.

Сондықтан тентектігіміз әкеміздің құлағына жетпес үшін анамыздың бір ауыз «Тәйт!» дегеніне тына қалатынбыз. Жұмыстан кеш келсе де, түнімен біз түсінбейтін бірдеңелерді сызып отыратын. Бір күні үй жинап жүріп, жұмыс үстелінің үстіндегі сызбаларға көзім түсті. Не деген шеберлік! Тіпті, геометрия мен математиканың өзі өнер екен-ау деп таңқалдым. Мұндай іс кез келгеннің қолынан келмейді деп, іштей әлемге әкеммен мақтанып алдым» , - деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Алдағы 5 жылда Шымкентте 600 мың ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланған. Биыл 200 мыңға жуық ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары жүргізілуде.  Қала...