Қағаздағы әдемі баяндамалар ауылдағы жағдаймен сәйкес келмейді – Күрішбаев

Қағаздағы әдемі баяндамалар ауылдағы жағдаймен сәйкес келмейді – Күрішбаев

Сенатор Ақылбек Күрішбаев Премьер-министрдің атына депутаттық сауал жолдады. Бұл туралы Azattyq Rýhy жазды.

Депутат егіннен жиналған өнімнің анық көлемін, тұқымның шынайы сапасын, егістік және жинау жұмыстарының дәл мерзімі туралы нақты деректің жоқ екенін алға тартты. Сондай-ақ ол мал шаруашылығында жануарлар туралы мәліметтерді тіркеу жұмыстарының негізгі бөлігі әлі де қағаз нұсқада жиналатынын, соның салдарынан көптеген қателікке жол берілетінін де тілге тиек етті.

Сенатордың айтуынша, жергілікті әкімдердің жұмысын бағалауды статистика деректеріне тәуелді ету - ауылдағы жағдай туралы жалған ақпарат беруге  итермелейді. Сондай-ақ сенатор мал шаруашылығында жануарлар туралы мәліметтерді бұрмалау заңсыз субсидия алуға мүмкіндік туғызатынына назар аударып, осы мәселелерге қатысты бірнеше ұсынысын жеткізді.

«Біріншіден, егін шаруашылығының жай-күйі туралы объективті деректер алу үшін цифрландыру мүмкіндігін барынша пайдалану керек. Менің ойымша, ауыл шаруашылығының цифрландыру мәселесімен Есеп комитеті мұқият айналысуы қажет. Екіншіден, мал шаруашылығында адами фактор ықпалын толықтай жоя отырып, жануарларды есепке алу мен ветеринарлық құжаттаманы жүргізудің бүкіл жүйесін цифрлық форматқа өшіру аса маңызды, – деді Ақылбек Күрішбаев.

Сенатор бұл тұрғыда Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан әлі күнге дейін ешқандай шаралар қабылданбағанын айтты.

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Үкімет Мемлекет басшысының биылғы наурыз айында Ұлттық құрылтайдың IV отырысында берген тапсырмасы аясында ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге...

Шымкент қаласына республикалық маңызы бар қала мәртебесінің берілуімен бірге, қаланың бас жоспары қайта жаңартылып, ауыл шаруашылығы мақсатындағы...