Сіз «Pei zdes-ке» бардыңыз ба?

Сіз «Pei zdes-ке» бардыңыз ба?

Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласы күннен-күнге қарыштап дамып келе жатыр. Тіпті, ондағы мейрамхана, кафелердің өзі сән-сәулеті, атауымен ерекшеленіп тұрады. Мысалға, Нұр-Сұлтандағы «Шұбар» шағынауданы, Жекебатыр көшесі 31 мекенжайындағы мына лаундж-бардың «Pei zdes» деген атауын алсақ болады. Ел есінде әп сәтте сақталатын атауды кім ойлап тапса да, тапқырлығына біраз адам тәнті болып жүр. Осы орайда бас қаладағы ономастика комиссиясының мүшелеріне алғыс айту керек шығар.

Ғаламтордағы ресми ақпарат бойынша Нұр-Сұлтан қаласындағы ономастика комиссиясының төрағасы - қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен. Олай болса, Бақтияр Мәкенұлы бастаған ономастика мүшелерінің осындай жемісті жұмысы алдағы уақытта да сәтті жалғаса беруіне тілектеспіз.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Алдағы 5 жылда Шымкентте 600 мың ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланған. Биыл 200 мыңға жуық ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары жүргізілуде.  Қала...