ӨНДІРІС ПЕН ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫ ӨРКЕНДЕУДЕ

ӨНДІРІС ПЕН ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫ ӨРКЕНДЕУДЕ

Сайрам ауданы ауыл шарушылығымен аты шыққан аймақ. Сонымен қатар мұнда өндіріс пен өнеркәсіп саласы да өркендеу үстінде.

Мәселен, аудандағы ұн шығаратын «Асыл ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бүгінде аудан экономикасын алға сүйреп келе жатқан өндіріс орындарының бірі. Оның шығарған өнімдері бүгінде елімізден бөлек алыс- жағын шетелдерге де экспортталуда.

 Бүгінде бір ғана Сайрам ауданында  шағын да болса бірнеше машина жасау зауыттары бар. Ал одан бөлек отандық өнім өндіретін кәсіпорындар да жетерлік. Солардың бірі   бидай өңдеп, ұн шығаратын «Асыл ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.  2002 жылдан бері жұмыс атқарып келе жатқан кәсіпорын бүгінде елімізден бөлек, алыс – жақын шетелдерге де ұн экспорттауда.

 Алғашында бар – жоғы 90 тонна ғана ұн шығарған зауыттың бүгінгі нәтижесі 5 есеге дейін артқан. Бұл мемлекет жәрдемімімен жүзеге асуда. Өйткені мұнда да   мемлекеттік «Жол картасы» бағдарламасы аясында  лайықты жұмыстар атқарылуда.    Соның негізінде кәсіпорынның 90 процент өнімі шетелдерге экспортталуда.  

 Кәсіпорын бүгінде тәулігіне  450 тоннаға дейін ұн өнімдерін шығара алады. Алдағы уақытта екінші диірмен іске қосылса оның қуаттылығы тағы да артары сөзсіз. Бүгінде мұнда 70- ке жуық  жергілікті тұрғындар жұмысқа тартылған. 

Кәсіпорын ел экономикасын еселеумен қатар, көптеген қайымдылық шараларын да ұйымдастырып отырады.  Бүгінде аудандағы 112 аз қамтылған отбасы осы кәсіпорын қамқорлығына алынған.

 «No-comment.kz»- ақпарат

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Алдағы 5 жылда Шымкентте 600 мың ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланған. Биыл 200 мыңға жуық ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары жүргізілуде.  Қала...