Олжас Бектенов Президенттің мектеп асханаларында тамақ сапасын жақсарту жөніндегі тапсырмаларын орындау туралы: Бірыңғай тамақтану стандарты сарапшыларды тарта отырып әзірленіп, жыл соңына дейін қабылдануы тиіс

Олжас Бектенов Президенттің мектеп асханаларында тамақ сапасын жақсарту жөніндегі тапсырмаларын орындау туралы: Бірыңғай тамақтану стандарты сарапшыларды тарта отырып әзірленіп, жыл соңына дейін қабылдануы тиіс

Премьер-министр өңір әкімдеріне инфляция деңгейін ескере отырып, бір балаға қазіргі 500 теңгеден тамақтану құнын арттыру бойынша қаражат бөлуді тапсырды, деп хабарлайды No-comment.kz - Премьер-Министрінің ресми ақпарат ресурсына сілтеме жасап.

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында бастауыш сынып оқушылары мен аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды мектепте тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Қазіргі жағдай туралы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев баяндады.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бүгінде Қазақстанда 1,7 млн оқушы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. 

Премьер-министр балаларға ұсынылатын тағамның сапасы елеулі қайта қарауды қажет ететініне тоқталды. Оқу-ғарту және денсаулық сақтау министрліктері тарапынан үйлестіру мен бақылаудың әлсіздігі, өңір әкімдіктерінің мектеп асханаларын жаңғырту және жарақтандыру бойынша жұмысының жеткіліксіздігіне маңыз берілді.

«Бүгінгі таңда 403 мектепте асхана жоқ, сондықтан онда балалар ыстық тамақпен толыққанды қамтамасыз етілмеген. Мектептегі, әсіресе шағын және шалғайдағы мектептерде қауіпсіз тамақтануды ұйымдастыру мәселесінде толық тәртіп орнату қажет. Тамақтану сапасын жақсарту және жеткізушІлердің жауапкершілігін арттыру бойынша нақты шаралар қабылдаған жөн», — деді Премьер-министр назар аударып.

Премьер-министр жыл соңына дейін үлгілік перспективалық мәзірді, оның ішінде асханасы жоқ мектептер үшін тамақтану стандартын қабылдауды тапсырды. Құжат сарапшылар мен ғалымдардың қатысуымен жасалуы керек. Тиісті міндет оқу-ағарту және денсаулық сақтау министрліктерінің алдына қойылды. 

Оқу-ағарту және қаржы министрлігіне жосықсыз жеткізушілер тізілімін автоматтандыру және сатып алуға қатысушылардың барлығының әкімшілік жауапкершілігін белгілеу жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды.

Әкімдіктер мектеп асханаларының материалдық-техникалық базасын жақсарту мәселесін ерекше бақылауға алып, инфляция деңгейін ескере отырып, тамақтану құнын қайта есептеп, қосымша қаражат бөлуі қажет. Сондай-ақ бюджет қаражатын пайдаланудың тиісті сапасы мен ашықтығын қамтамасыз ету үшін жыл соңына дейін аппараттық-бағдарламалық кешендерді орнату, оларды «Әлеуметтік әмиянмен» интеграциялауды қамтамасыз ету қажет.

Жалпы, Денсаулық сақтау министрлігі балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша мониторинг пен санитариялық-эпидемиологиялық бақылау шараларын күшейтіп, қажетті нормативтік түзетулерді енгізуге тиіс.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің көлік-логистика саласын дамыту мәселелері қаралды. Көлік...

Премьер-министр өңір әкімдеріне инфляция деңгейін ескере отырып, бір балаға қазіргі 500 теңгеден тамақтану құнын арттыру бойынша қаражат бөлуді...