Алматыдағы саммитте Азия-Тынық мұхиты аймағы жетекші университеттерінің 350 өкілі бас қосты

Алматыдағы саммитте Азия-Тынық мұхиты аймағы жетекші университеттерінің 350 өкілі бас қосты

Алматыда Азия-Тынық мұхиты аймағындағы жоғары білім беру мәселелеріне арналған пре-саммит басталды. Іс-шара Қазақстандағы жоғары білімнің дамуы мен жетістіктерінің символы іспетті болған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өтіп жатыр, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

Пре-саммитке Алматы әкімі Ерболат Досаев, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаев қатысуда.

Іс-шараға Қытай, Жапония, Малайзия, Индонезия, Үндістан және т.б. 16 елдің 350 ЖОО-ның өкілі жиналды. Бұл оқиға Азия-Тынық мұхиты аймағының қарқынды дамып келе жатқан еңбек нарығын қалыптастырудағы университеттердің орталық рөлін талқылауға арналып отыр. Кездесудің басты тақырыбы Орталық Азия елдеріндегі жоғары білім беру саласындағы инновациялық тәсілдер арқылы серпінді ландшафтты дамыту және бірлескен шешімдер іздеу.

Пре-саммит соңында QS World University Rankings 2025 рейтингісінде үздік атанған университеттерді марапаттау рәсімі өтеді. Әлемнің 1500 университеті кірген рейтингте әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 163-орынды иеленді.

Айта кетейік, бүгінде Алматыда 35 жоғары оқу орны бар, онда 199 мыңнан астам студент оқиды, оның 124 мыңы өзге өңірден келгендер.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Алдағы 5 жылда Шымкентте 600 мың ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланған. Биыл 200 мыңға жуық ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары жүргізілуде.  Қала...