Алматыда денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру 2,5 есеге артты

Алматыда денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру 2,5 есеге артты

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында Алматыда әлеуметтік нысандардың инфрақұрылымын жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтылды, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

Мәселен, осы жылдың тамыз айында Қазақстанда алғаш рет балалар арасында (3 жасқа дейін) мүгедектікті төмендету үшін ведомствоаралық өзара іс-қимыл негізінде ерте араласу орталығы құрылды. 2 МСАК орталығы мен 1 емхана, сондай-ақ Балалар шұғыл медициналық көмек орталығының жаңа корпусы ашылды.

2024 жылдың соңына дейін 2 жаңа емхана салуға және 5 ірі аурухананы жаңғыртуға жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу аяқталады. Құрылыс-монтаж жұмыстары 2025-2026 жылдары жүргізілетін болады.

Айта кетерлігі, 2024 жылы денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғыртуды қаржыландыру 2,5 есеге 26,3 млрд теңгеге, 2025 жылы тағы 2,6 есеге 69,4 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Алдағы 5 жылда Шымкентте 600 мың ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланған. Биыл 200 мыңға жуық ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары жүргізілуде.  Қала...