Түркістан: Мамандар жылыту маусымы қарсаңында қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды

Түркістан: Мамандар жылыту маусымы қарсаңында қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды

2024 жылдың басынан бері облыста 361 өрт оқиғасы тіркеліп, салдарынан 6 адам қаза тауып, 10 адам жарақат алған. Орын алған жағдайлардың 114-і электр сымдарының қысқа тұйықталуы әсерінен туындаған. Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаментінің басқарма басшысының орынбасары Нұрболат Педен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

«Жыл басынан бері тіркелген өрт оқиғаларының 200-і тұрғын үйлерде болған. Жалпы шығын 395 миллион 915 мың теңгені құрады. Сонымен қатар, 2024 жыл басталғалы бері көмірқышқыл газынан уланудың 54 жағдайы тіркеліп, салдарынан 4 адам қаза тапты» - деді спикер.

Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Асқар Сейсеновтің айтуынша, шаһар бойынша 4 766 әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар тізімі түзіліп, улы газдан улануды болдырмау мақсатында отбасылардың тұрғын үйлері "Өрт қауіпсіздік» айлығы аясында тексерілген. Сонымен қатар, демеушілер тарапынан қаржыландыру жұмыстары жүргізіліп, 50 тұрғын үйге газосигнализатор орнатылған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ