«Мәдениет саласында кітапхана желісін жаңғыртуға көп көңіл бөліп отырмыз. Бүгінгі таңда 6 кітапхананы модернизациядан өткіздік. Оның ішінде орталық әл-Фараби кітапханасы бар. Жыл соңына дейін тағы 4 кітапхананы жаңғырту жоспарда тұр. Өздеріңізге баяндағанымдай, кітапханалар «отбасылық кітапхана» концепциясымен дамып жатыр». Осылай деген Шымкент қаласының әкімі қала тіршілігінде мәдениеттің алар орны ерекше екендігін айтты деп хабарлады Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
1 мамырда қаланың негізгі туристтік нысанына айналуға мүмкіндігі жоғары «Шымқала» тарихи-мәдени кешені ашылған. Қазіргі уақытта кешенді музейлендіру жұмыстары жүргізілуде. Тарихи кешенде хауыз, аспан асты кинотеатр, музей болады.
Сондай-ақ, «ShymQala» этноауылы да ел игілігіне берілген. Этноауылда жыл бойы қала тұрғындары мен қонақтарына түрлі мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізілетін болады.