ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Жолдауында "Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын терең орнықтыру қажет" деген болатын. Жолдауда аса мән берілген бұл тақырып аясында елімізде түрлі шаралар қолға алынып, жұмыстар атқарылуда. Түркістан облысы, Түлкібас ауданына қарасты Б.Садықов атындағы жалпы білім беретін мектепте "Құқық, әділет және парасат жолы” тақырыбында кездесу өтті, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.
Іс-шараның мақсаты - оқушыларға құқықтық сауаттылықтың маңыздылығын түсіндіру, әділеттілік пен парасаттылық ұғымдарының мәнін ашып, оқушыларды заңға құрметпен қарауға тәрбиелеу және жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу және жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру. Кездесу барысында оқушыларға заңның қоғамдағы рөлі, құқықтық тәртіп пен жеке жауапкершілік туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ, заңға қайшы әрекеттердің салдары жайлы нақты мысалдар келтіріліп, құқықтық сауаттылықтың маңыздылығы айтылды.