Жолдау: Қазығұртта салық саясатына арналған жиын өтті

Жолдау: Қазығұртта салық саясатына арналған жиын өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында: «Салық саясаты тұрақты болуға тиіс. Сонда бизнес те сапалы дамуға ынталы болады және жауапкершілікпен жұмыс істейді» деген болатын. Осы орайда Қазығұрт ауданы әкімдігінде аудан басшысының төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті. Жиынға әкімдік қызметкерлері, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы, ауыл округ әкімдері, сот орындаушылар қатысты, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

Аталған жиынның күн тәртібінде ауданның қосымша кіріс көздерін анықтау, салықтық берешектерін өндіру туралы сөз қозғалды. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Қанат Төлендиев, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Мұрат Сәпиев баяндама жасады. Мәжіліс барысында көтерілген мәселе жан-жақты талқыланып, Азизхан Азимханұлы өзінің нақты ұсыныстарын айтып, тапсырмаларын берді. Атап айтқанда, көтерілген тақырыптың өзекті екенін ескертіп, салықтың уақытылы төленуін қадағалауды тапсырды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр РФ Өнеркәсіп және сауда министрі Антон Алихановпен кездесу өткізді, деп хабарлайды No-comment.kz - ...

Вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ауыл шаруашылығында агродрондарды қолдану тәжірибесін қолдану мен кеңейтудің...

Премьер-министр Олжаса Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында теміржол саласын және транзиттік әлеуетті дамыту мәселелері қаралды, деп...