Биыл Түркістан өңіріне 888,5 млрд теңге инвестиция тартылды

Биыл Түркістан өңіріне 888,5 млрд теңге инвестиция тартылды
Түркістан облысына инвестиция тарту және тәжірибе алмасу мақсатында Қытай, Ресей, Австралия, Өзбекстан, Катар және Оңтүстік Корея елдеріне Түркістандық кәсіпкерлердің сапарын ұйымдастырып, алпауыт компаниялармен маңызды келіссөздер жүргізілді. Нәтижесінде, шетел капиталының қатысуымен жалпы құны 910 млн АҚШ долларын құрайтын инвестициялық жобалар басталды.  Мәселен, өңірде Өнеркәсіптік жылы-жай кешені, Алюминий бұйымдарын шығару, Өнеркәсіптік тоңазытқыштар шығару,  Каустикалық сода, пвх, кальций карбиді, әк цемент шығаратын зауыт,  Фосфорит кендерін өңдеу зауыты, Мұнай өңдеу зауыты ашылмақ. Бұл жайлы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды ОКҚ көшпелі баспасөз конференциясында хабарлады, деп хабарлайды No-comment.kz - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түркістан облысының Сауран ауданында ірі мал бордақылау алаңдары шоғырланған агроиндустриялық кластер құруға бағытталған ауқымды инвестициялық жоба...

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасын орындау аясында әділет органдарын цифрландыру мәселелері бойынша жиын өткізді, деп...