Түркістан өңірінде бірқатар салада ірі инфрақұрылымдық жобалар қолға алынды

Түркістан өңірінде бірқатар салада ірі инфрақұрылымдық жобалар қолға алынды
Түркістан облысында демографиялық өсім жоғары. Өңірдегі құрылыс жұмыстарының көлемі биыл 343 млрд теңгеге жетіп, өсім 134%-ды құрады. Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында биыл аудан, қалаларда арендалық және ипотекалық баспаналар салынуда. Нәтижесінде, облыста кезекте тұрған 5 мыңнан аса отбасының баспана мәселесі шешіледі. Қосымша 35 мың оқушы орынға тапшылық бар. Аталған мәселені шешу мақсатында биыл 50 мектептің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 29-ы «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынуда. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды ОКҚ көшпелі баспасөз конференциясында осылай деді, деп хабарлайды No-comment.kz - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Түркістан облысының Сауран ауданында ірі мал бордақылау алаңдары шоғырланған агроиндустриялық кластер құруға бағытталған ауқымды инвестициялық жоба...

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасын орындау аясында әділет органдарын цифрландыру мәселелері бойынша жиын өткізді, деп...