Үкімет ішкі нарықты тауарлармен қамтамасыз ету, бәсекелестікті реттеу және қорғау есебінен инфляцияны тежеу жөніндегі шаралар кешенін жалғастырады

Үкімет ішкі нарықты тауарлармен қамтамасыз ету, бәсекелестікті реттеу және қорғау есебінен инфляцияны тежеу жөніндегі шаралар кешенін жалғастырады

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Үкімет Ұлттық банкпен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, ішкі нарықты тауарлармен қамтамасыз ету, бәсекелестікті қорғау, сыртқы сауданы және тарифтерді реттеу есебінен инфляцияны тежеу жөніндегі шаралар кешенін іске асыруды жалғастыратынын айтты. Осындай әрекеттердің арқасында Қазақстанда 2023 жылғы жылдық инфляция жылына 20,3%-дан 9,8%-ға дейін төмендегені және 2024 жылғы 11 айдың қорытындысы бойынша 8,4%-ды құрағаны атап өтілді, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

«Үкімет жағдайға мониторинг жүргізеді әрі әлеуметтік маңызы бар өнім түрлері бойынша экономикадағы бағаларды тежеуге бағытталған шаралар қабылдайды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тежеу үшін қысқы және көктемгі маусымаралық кезеңге қарай жеткілікті көлемде қалыптасқан жаңа өнім қоры шығарылатын болады. Тұрақтандыру қорларының, сауда объектілерінің қоймаларында және ауыл шаруашылығы өндірушілерінде 29 негізгі түрі бойынша 826 мың тоннадан астам азық-түлік сақталады. Бұл қорлар сақтау мерзімдерін ескере отырып үнемі толықтырылып отырады және еліміздің қажеттіліктерін бірнеше айға қамтамасыз ете алады. Сондай-ақ жаңа жылдық мерекелер қарсаңында бағаның ықтимал өсуін тежеу үшін қосымша шаралар қабылдануда. Өңірлерде тұрақты ауылшаруашылық жәрмеңкелері ұйымдастырылады. Қысқы кезеңде және маусымаралық кезеңде бағаны одан әрі тұрақтандыру үшін ақпан айының басында тұрақтандыру қорларынан көкөністерді босатуды бастау жоспарлануда, бұл нарықты қажетті өнім көлемімен қамтамасыз етуге және баға ауытқуларының алдын алуға мүмкіндік береді», — деп атап өтті Нұрлан Байбазаров.

Өңірлік комиссиялар бағаның өсуіне талдау жүргізеді, өнімсіз делдалдар анықталады және сауда үстемесінің асып кету фактілері қаралады. Аталған комиссиялардың қызметі осы жылы бақылау-фискалдық және күштік органдарды тарту есебінен күшейтілді. Маусымаралық кезеңде ішкі нарықты көкөністермен қамтамасыз ету мақсатында жақын шетелден ерте көкөністерді жеткізу үшін «жасыл дәліз» ұйымдастырылады. Бұдан басқа, сауда саласында бизнеспен тығыз өзара іс-қимыл жүзеге асырылады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды No-comment.kz - ...

30 жасқа толған, заң саласында жоғары білімі және кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар Қазақстан азаматы судья бола алады. Қазіргі уақытта судья лауазымына конкурстық іріктеу...