Жамбыл облысының ауыл шаруашылығы саласына 24,6 млрд теңге субсидия бөлініп, 14,9 млрд теңге инвестиция тартылды

Жамбыл облысының ауыл шаруашылығы саласына 24,6 млрд теңге субсидия бөлініп, 14,9 млрд теңге инвестиция тартылды
Жамбыл облысында ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 425 млрд теңгені құрады. Ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алқабы  626,7 мың га құрады. Өңірде қант қызылшасынан басқа барлық дақылдар бойынша егін жинау науқаны аяқталды. 3,6 млн тонна өнім жиналды, оның ішінде 671,4 мың тонна дәнді масақ, 36,3 мың тонна майлы дақылдар, 1,2 млн тонна көкөніс дақылдары, 172 мың тонна картоп. Қант қызылшасы бойынша егін алқабының 84%-ы жиналды. Бүгінге 600 мың тонна өнім алынып, орташа өнімділігі 650 ц/га құрады. Жиналған өнім Меркі және Ақсу зауыттарына өткізілуде. Қант қызылшасын субсидиялауға желгілікті бюджеттен 3,4 млрд теңге бөлініп, жыл соңына дейін республикалық бюджеттен 5 млрд теңге көлемінде қаржыландыру күтілуде. Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев ОКҚ брифингінде осылай деді, деп хабарлайды No-comment.kz - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ауған тарапының шақыруымен Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу жұмыс сапарымен Ауғанстанға...

Түркістан облысының Сауран ауданында ірі мал бордақылау алаңдары шоғырланған агроиндустриялық кластер құруға бағытталған ауқымды инвестициялық жоба...