Шығыс Қазақстан облысы республикалық және жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеуден рекордтық көрсеткішке қол жеткізді

Шығыс Қазақстан облысы республикалық және жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеуден рекордтық көрсеткішке қол жеткізді
Мәселен, биыл республикалық маңызы бар 392 шақырым автожол жөнделе бастады, оның 110 шақырымы аяқталды. ОКҚ көшпелі баспасөз конференциясында өңір басшысы Ермек Көшербаев атап өткендей, облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды қаржыландыру 7 млрд теңгеден 15 млрд теңгеге дейін 2 есеге ұлғайтылды. Ал елді мекендердің көшелері мен жол құрылыстарын жөндеуді ескере отырып, 31,5 млрд теңге салынды. Нәтижесінде 600 шақырым жол жөнделді. Бұрын ешқашан тас жол болмаған 79 шағын ауылдың ішінен биыл 9 ауылда асфальт төселді, төрт ауылда орталық көшелер жарықтандырылды, деп хабарлайды No-comment.kz - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ауған тарапының шақыруымен Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу жұмыс сапарымен Ауғанстанға...

Түркістан облысының Сауран ауданында ірі мал бордақылау алаңдары шоғырланған агроиндустриялық кластер құруға бағытталған ауқымды инвестициялық жоба...