Алматыда туристік сала қызметкерлеріне арналған фасилитациялық тренинг өтті

Алматыда туристік сала қызметкерлеріне арналған фасилитациялық тренинг өтті

Алматыда туристерге қызмет көрсетусалаларының және туристік нысандардыңқызметкерлері үшін фасилитациялық сессияларөтті. Іс-шараны Алматы қаласының Туризм басқармасы ұйымдастырды, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

Семинарға 420 адам, олардың қатарында ҚР ҰҚК Шекара қызметінің, кедендік бақылаудың, теміржол вокзалдарының, музейлердің т.б. қызметкерлері қатысты. Семинарларды Дүниежүзілік саяхат және туризм кеңесі (WTTC) ұсынған спикерлер және қазақстандық фасилитаторлар жүргізді. Олардың қатарындакөпшілік алдында сөйлеу және коммуникацияларбойынша жаттықтырушы және сарапшы ТолқынАманбек, бизнес-жаттықтырушы Жанна Ибраева және ұжымда күйзеліске төзімділік стратегиясынқалыптастыру бойынша тренингтердің авторы Салтанат Мурзалинова-Яковлева бар.

Тренинг бағдарламасы клиентке бағдарланудың негізі мен қағидаттары, кәсіби әдеп, қонақжайлылық саласындағы күрделі жағдайларды тиімді шешу, коммуникативтік дағдыларды дамыту сияқты тақырыптарды қамтыды. Тренингтің басты мақсаты-туризмді дамытудың ағымдағы сын-қатерлері мен келешегін талқылау.

Іс-шараға қатысушылар тұрақты өсуге қол жеткізу және туристік саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін барлық мүдделі тараптардың үйлестірілген жұмысының маңыздылығын атап өтті. Тренинг барысында туристік қызметтердің сапасын арттыру, маркетингтік стратегияларды жақсарту және ішкі туризмді дамыту мәселелері талқыланды.

Тренинг үш негізгі кезеңнен тұрды. Бірінші кезең шеңберінде мақсаттар мен міндеттерді, түйткілді мәселелерді, саладағы мықты және әлсіз тұстарды анықтау бойынша топтық жұмыс жүргізілді. Практикалық кезеңде ойындар мен түрлі топтық жаттығулар арқылы мақсатқа жету үшін қажетті дағдыларды игеруге мүмкіндік берілді. Соңғы кезең, командалық коучинг әрбір қатысушының әлеуетін жандандыруға, қызмет көрсету көшбасшылық негіздерін белгілеуге және одан әрі дамыту жоспарларын әзірлеуге мүмкіндік берді.

Алматы қаласының туризм басқармасы «Іс-шара барысында қатысушылар туристік саланың тұрақты және табысты дамуын қамтамасыз ету бойынша бірлескен жұмыс үшін сала өкілдері мен бейінді басқармалар арасында тиімді диалогты жалғастыру қажеттілігі туралы қорытындыға келді. Бірлесе жүзеге асырылатын нақты қадамдар мен іс-шаралар белгіленді», - деп атап өтті.

Өз кезегінде қатысушылар тренинг қорытындысы бойынша туризмді дамытуда және Алматының халықаралық аренадағы позициясын нығайтуда елеулі табыстарға қол жеткізуге болатынына сенім білдірді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ауған тарапының шақыруымен Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу жұмыс сапарымен Ауғанстанға...

Түркістан облысының Сауран ауданында ірі мал бордақылау алаңдары шоғырланған агроиндустриялық кластер құруға бағытталған ауқымды инвестициялық жоба...