Геология мамандығы бойынша білім алушылар саны артты

Геология мамандығы бойынша білім алушылар саны артты
Елімізде геолог мамандығын дәріптеу бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде. «Еңбек сіңірген геолог» ведомстволық наградасының мәртебесі мемлекеттік награда мәртебесіне лайықты түрде көтеріледі. Келесі жылдан бастап «Еңбек сіңірген геолог» мемлекеттік награда болады. ҚР ӨҚМ Геология комитеті төрағасы Ерлан Акбаров ОКҚ брифингінде хабарлағандай, геология саласындағы жоғары оқу орындары түлектерінің өсуі байқалады. Осыдан бірер жыл бұрын бұл мамандық бойынша оқуды тек 1224 маман аяқтаса, 2024 жылға қарай тау-кен дела және геология саласындағы мамандықтар бойынша 3000-нан астам маман бітірді. Бұл ретте Сәтбаев техникалық университетінің деректері бойынша түлектердің 98%-ы мамандық бойынша жұмысқа орналасқан, деп хабарлайды No-comment.kz - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасын орындау аясында әділет органдарын цифрландыру мәселелері бойынша жиын өткізді, деп...