Алматы қаласында қауіпсіздік шаралары күшейтілуде

Алматы қаласында қауіпсіздік шаралары күшейтілуде
2024 жылы кешенді қауіпсіздік жүйесі барлық мемлекеттік балабақшалар, мектептерде, сондай-ақ 64 медициналық мекемелерде іске қосылды. Маңызды міндет – сейсмикалық қауіпсіздікті арттыру. Шамамен 11 мың нысанда сейсмоаудит жүргізілді. Жер сілкінісі туралы алдын ала ескертудің автоматтандырылған жүйесін жетілдіру үшін 2025-2026 жылдары қосымша 70 сейсмостанция орнатылады. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді, деп хабарлайды No-comment.kz - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаев тілтанушы және әдебиеттанушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Сейіт Қасқабасовтың қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен...