Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Қазақстан» әнінің бейнебаяны түсірілді

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Nur Otan» партиясының тапсырмасымен «Астана» телеарнасы «Қазақстан» атты жаңа ән жазып, бейнебаян түсірді. Ән авторлары – ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Маржан Арапбаева (музыкасы) мен айтыскер ақын Сырым Әуезхан (сөзі).

Ақын сөзі  Тәуелсіз елдің тарихын тоқырау жылдарынан  осы кезге дейін жігерімен жетектеп жеткізген Елбасының еңбегіне алғыс айтып, мызғымас бірлігіміздің беріктігі жетістіктерге жетелерін айта отырып, тыңдаушыны жақсылықты көре білуге,  өткенге көз жүгірте отырып, болашаққа сеніммен қарауға шақырады.

Мағыналы тексті ырғағы белсенді, диапазоны кең, көңілді шарықтатар әсерлі музыка толықтырып тұр.

Әннің бейнебаянында Азаттықтың алғашқы 30 жылында өндірісте, білім мен ғылымда, спорт пен медицинада, әскери салада жеткен жетістіктерді, шегенделген шекарамыз бен тәуелсіз Қазақ елінің туы тігілген Алматы мен елордасы Нұр-Сұлтанның, Түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістанның даму жолы көрсетілді.

Бейнебаянның түсіріліміне көпұлтты мемлекеттегі татулықтың ұйытқысы болған Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, әлемдік білімге жол ашқан «Болашақ» халықаралық стипендиясының түлектері, «Біз Біргеміз!» акциясы шеңберінде жұмыс атқарған волонтерлар қатысты.

Бейнебаянда көрсетіліп жатқан оқиғалар Тұңғыш Президент – Елбасының тарихи сәттерде сөйлеген сөздерімен байланыстырылған.

Әнді елімізге танымал әншілер М.Арапбаева, Ж.Ауыпбаев, З.Омарова, Е.Айдар, С.Ибрагимов, С.Дәулетхановалар  мен «Айналайын» балалар хоры орындады.

Авторлар ерлік пен елдіктің өнегесін насихаттап, бірлікке шақырып, рухты көтеретін бұл туынды алдағы уақытта халық арасында кең таралатынына сенімді.

Watch the video

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Президенттің пікірінше, еліміз технологиялық тоғысудың, цифрлық сауда мен халықаралық ынтымақтастықтың қарқынды орталығына айналу үшін мол әлеуетке...

– БҰҰ дерегіне сәйкес, жасанды интеллект инфрақұрылымына және онымен байланысты технологияларға салынған инвестиция жылына орта есеппен 47 пайызға...

Сонымен қатар, Мемлекет аталған жиында сөз сөйледі Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясының ашылу рәсіміне...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу»...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясына қатысуға шақырғаны үшін Төраға Си Цзиньпинге алғыс айтып, осы...