Мемлекет басшысы Қазақстан гимнастика федерациясының президенті Әлия Юсупованы қабылдады

Мемлекет басшысы Қазақстан гимнастика федерациясының президенті Әлия Юсупованы қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Әлия Юсупованы Қазақстан гимнастика федерациясының президенті болып қайта сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесуде елімізде көркем гимнастиканы дамыту перспективасы талқыланды. Президентке федерацияның қазіргі жұмысы мен алдағы жоспары туралы ақпарат берілді. Әлия Юсупова спорт саласындағы кейбір өзекті проблемаларға қатысты бірқатар ұсынысын жеткізді. Федерация басшысының айтуынша, балаларды гимнастикаға ерте жастан баулу үшін кешенді жұмыс атқарылуы керек.

Қасым-Жомарт Тоқаев сала инфрақұрылымын дамыту және жаттықтырушыларды даярлау ісінде Туризм және спорт министрлігімен тығыз қарым-қатынас орнату қажет екенін айтты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аса көрнекті жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мұхтар Мағауиннің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен...

Өңірлік саясатты жетілдіру және өңірлердің теңгерімді әлеуметтік және экономикалық дамуын қамтамасыз ету мақсатында вице-премьер Қанат Бозымбаевтың...