«Бұл менің ауыр қатем» - Назарбаев Рахат Әлиев туралы айтты

«Бұл менің ауыр қатем» - Назарбаев Рахат Әлиев туралы айтты

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев америкалық режиссер Оливер Стоунның «Qazaq. История Золотого человека» атты деректі фильмінде Рахат Әлиев туралы сұраққа жауап берді.

«Бұл менің ауыр қатем. Ол қаржы полициясының басшысы болды. Осы жағдайын пайдаланып, бизнесті тартып алды, ақша жинап, алып қойды. Оған бірде «Тоқта» дегем. Өзіңіз ойлап көріңізші, менің күйеу балам. Үш жиеншарым бар. Қызым, үш жиеншарым және оның әкесі бар, келді... Мен «Мен не істей аламын? Ол – қылмыскер» деп жауап бердім, - деді Елбасы. 

Оливер Стоун Назарбаевтан қандай күйде болғанын сұрады.

«Өте ауыр тиді. Біреу-міреу болса... Ал мұнда өз адамың, сеніп, арқа сүйейді деген адамың...», - деді Назарбаев.

«Неге жұрт үш жиеншарымның әкесін түрмеге отырғызғанымды ұмытты? Анасымен бірге жылап маған келмеді деп ойлайсыздар ма? Келді. Уайымдамады дейсіздер ме? Әрине, уайымдадым. Бірақ мұның анық екенін, шектен шыққандық екенін түсінгенде тоқтай алмадым. Туыстар жиналды, бәрі көндіруге тырысты: «Бәрі өз қолыңда ғой, жаба салсаң қайтеді». Барлық туысыма, балаларыма, достарыма ешкім құтылмайтынын ескерттім», - деген болатын Елбасы.

Еске салайық, Рахат Әлиев 2007 жылға дейін Австриядағы елші қызметін атқарған. Оған бірқатар ауыр қылмыс жасады деген айып тағылған, олардың ішінде отанына сатқындық жасау, мемлекеттік төңкеріс жасау бар.

Австрияның құқық қорғау органдары Рахат Әлиевті 2014 жылдың маусымында Венада ұстаған. Ал, 2015 жылдың 23 ақпанында Әлиев Венадағы уақытша ұстау изоляторында асылып қалған күйі табылған.

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Сенат Парламентінің клуарында мемлекеттік қарыз көлемі туралы журналистердің сұрағына...