Мемлекет тарапынан азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуы мен сеніміне ерекше басымдық беріледі.
Бұл ретте, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық департаменттері көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың немесе лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне және шешімдеріне қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды.
Осыған орай, Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыру және азаматтардың өтініштеріне жедел кері байланыс орнату мақсатында өткен жылы «EgovKZBot2.0» telegram бот платформасы іске қосылған.
Бұл бот платформасының басты мақсаты мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселелері бойынша халықпен жедел кері байланыс орнату және туындаған сұрақтарға толыққанды ақпарат ұсыну.
Атап өту қажет, бот платформасы арқылы Департаментпен
2024 жылы 55 азаматқа тиісті түсіндірмелер берілген.
Келіп түске өтініштердің басым көпшілігі, жүктілік, босануға байланысты және бала күтіміне арналған әлеуметтік төлемдерді тағайындауға қатысты болған.
Нәтижесінде, мемлекеттік қызметтер көрсету тәсілдері және қызмет көрсету мерзімдері бойынша тиісті ақпараттар берілді.
Егер мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты ұсыныстарыңыз болса, сондай-ақ бірқатар қызметтер бойынша онлайн анықтама алғыңыз келсе ұялы телефоныңызға «Telegram» мессенджерін жүктеп, «EgovKzBot2.0» телеграмм ботын қолдана аласыз.
_______________________________________________________
Телеграмм бот арқылы төменде көрсетілген тізбеге сәйкес өзіңізге керекті қызмет түрін таңдай аласыз.
- ХҚКО-на кезекті брондау
- 1414 операторымен байланысу
- Уәкілетті органға өтініш
- Әлеуметтік-еңбек саласының мәселелері бойынша оператормен байланысу
- Көрсетілетін қызметтер
- Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
- Egov mobile жүктеу
- Әкімшілік айыппұлдар болуын тексеру
- Таяудағы ХҚКО
- Қазақстанда ашық үкіметті дамыту бойынша ұсыныс
- Бот туралы
- Баптаулар
Егерде Уәкілетті органға қандайда бір шағымыңыз болса, өзіңізге қатысты толық ақпаратты көрсетіп, өзіңіздің шағымыңызды толыққанды баяндай аласыз.
Нәтижесінде, 3 жұмыс күні ішінде тиісті жауап ұсынылады.
Бұдан бөлек, телеграмм боттың жұмысын халықпен таныстыру мақсатында жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік желілеріне бейнероликтер және халық көп шғырланатын жерлерге QR код бейнеленген баннер эскиздері шығарып жарияланды.
Сондай ақ, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Түркістан облсы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бөлімдерінде және Түркістан қаласының Халықтық кеңсесінің
LED-экрандарында тиісті бейнероликтер жарияланып, тұрақты негізде көрсетілуде.
Қазіргі таңда, Департаментпен шағымдану тетіктерін оңтайландыру және қызмет көрсету мәселелері бойынша кері байланысты жеделдету мақсатында «Sapaly qyzmet» телеграмм ботымен қатар «Сенім телефоны» уақытылы жауап ұсынуға дайын екендігін хабарлаймыз.
Гүлнұр ЕДІЛҚЫЗЫ
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының бас маманы