Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Рождество мерекесімен құттықтауы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Рождество мерекесімен құттықтауы

Құрметті отандастар!

Еліміздің барша православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтаймын!

Жұртқа жақсылық пен үміт сыйлайтын осы жарқын мейрамда діндар жандар адами құндылықтарға қызмет ету жолында өзара бірігеді.    

Рождествода азаматтар ерекше қуанышқа бөленеді, православ дінін ұстанатын адамдар жақындарына қамқорлық көрсетіп, мұқтаж адамдарға жанашырлық танытуға асығады.

Православ діні елдің берекелі бірлігі мен ырысты ынтымағын нығайта түсуге, жалпыұлттық бірегейлігіміздің өзегі саналатын отаншылдық, жасампаздық және жауапкершілік сияқты құндылықтарды дәріптеуге мол үлес қосып келеді.

Қоғамдағы татулық пен түсіністік Қазақстанның тұрақты дамуының мызғымас тірегі болып қала беретініне кәміл сенемін.  

Еліміздің православ христиандарына зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!

Рождество мерекесі құтты болсын!

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстанда Мемлекет басшысының бастамасымен «Келешек мектептері» ұлттық жобасы белсенді түрде жүзеге асырылуда. Жобаның басты мақсаты – еліміздің...

Президент Грузияның Батуми қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының іріктеу сайысында белгілі шахмат шеберлерін қапы қалдырған Меруерт Камалиденоваға...

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Хирошима префектурасының губернаторы Хидехико Юзакимен кездесу өткізді. Онда...