Айтенов отандық электр энергия құралдарының таныстырылымына қатысты

Айтенов отандық электр энергия құралдарының таныстырылымына қатысты

Шымкент қаласының әкімі электр энергиясы саласында танымал «Сайман Корпорациясы» ЖШС-гі өнімдерінің таныстырылымына қатысты, деп хабарайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Электр энергиясын есептеу құралдары өндірісінің толық циклі бар отандық аспап жасау саласындағы жетекші кәсіпорын болып табылады.

Әкім назарына кәсіпорынның электронды электр және газ есептегіштерінің, ток трансформаторларының, электр энергиясын өлшеудің ішкі және сыртқы шкафтары, панельдік жабдықтар, жарықдиодты өнімдер, электр энергиясын есептеудің автоматтандырылған жүйесі мен сыртқы жарықтандыруды басқарудың автоматтандырылған жүйесі ұсынылды.

Қала басшысы әрдайым отандық өнімді қолдайтынын айтып, қаладағы кәсіпорындар мен мекемелерге аталған корпарацияның өнімдерін ұсынуды айтты.

Бұдан бөлек, серіктестік Қазақстанның басқа өңірлеріндегі компания ұсынған сыртқы жарықтандыру жұмыстары сынды бірнеше нысанды мысал ретінде көрсетті.

«SAIMAN» құрал өндіру зауыты Алматы қаласында орналасқан. Компания өз қызметінің 29 жылдан астам тарихында нарықта сенімді серіктес-өндіруші, өлшеу аспаптары мен энергия ресурстарын есепке алу бағдарламалық жасақтамасын жеткізуші ретінде беделге ие болған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек АҚШ-та жоғары білім мен ғылым саласындағы стратегиялық әріптестікті дамытуға бағытталған бірқатар...

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының Қауіпсіздік Кеңесі отырысында берген тапсырмаларын орындау бойынша Көлік, Қаржы министрліктері...