Президент Астана мемлекеттік қызмет хабы Басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменовті қабылдады

Президент Астана мемлекеттік қызмет хабы Басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменовті қабылдады

Әңгімелесу барысында әлемдегі мемлекеттік басқарудың даму үрдістері мен доктриналары талқыланды, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Астана мемлекеттік қызмет хабының жетекшісі мемлекеттік басқару саласының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жергілікті атқарушы биліктің құзыреттерін кеңейту мәселелері жөнінде ой-пікірін жеткізді.

Сонымен қатар Әлихан Байменов V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қазақтың ұлттық спорты – тоғызқұмалақтың танымалдылығын арттыруға ерекше ықпал еткенін айтты.

Президент Астана мемлекеттік қызмет хабы елімізде жүргізіліп жатқан реформаларға тұрақты сараптамалық қолдау көрсетіп келе жатқанын атап өтіп, айтылған ұсыныстар бойынша тиісті мемлекеттік органдармен тығыз жұмыс істеуді тапсырды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Оқу-ағарту министрлігімен, Қазақ тағамтану академиясымен, ЮНИСЕФ және ДДҰ-мен бірлесіп 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енетін мектептегі...

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов East Hope Group қытай корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы Лю Юнсинмен кездесу...