Қосалқы станцияның құрылыс жұмыстарының барысы

Қосалқы станцияның құрылыс жұмыстарының барысы

Шымкент қаласында қоректендіру желісі 110 кВ «1-М-1» қосалқы станцияның құрылысы жүргізілуде. Қала әкімі әлеуетті нысанның құрылыс жұмыстарын бақылады, деп хабарлайды  Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі7

Жоба қуаттылығы – 40 МВт. Аталған нысан 5 елдімекен – Асар-2, Достық, Солтүстік саяжай, Қайнарбұлақ және Қайтпас-2 шағынауданының қосылу көзі болып саналады. Жалпы қамтылатын халық саны – 60 мыңға жуық.

Жауапты мердігер мекеме – «Электромонтаж» АҚ. Құрылыс жұмыстары 2019 жылы басталған болатын. Мердігерлер нысан құрылысын 2021 жылдың тамыз айында аяқтауды жоспарлап отыр.

Жалпы 1 дана 110 кВ КРУЭ, 2 дана ТДТН-40000 басты жабдықтар орнатылады. Желілердің ұзындығы – 5,2 шақырым.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында теміржол саласын дамыту мәселелері қаралды, деп хабарлайды No-comment.kz - ...

18 тамыз күні Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен жиында азық-түлік қауіпсіздігін...