Бір күнде 9 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ЕКПЕ АЛДЫ

Бір күнде 9 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ЕКПЕ АЛДЫ

Шымкент қаласында бір тәулікте  9413 адам вакцина алды: I компонент – 5913, II компонент – 3500. Егу науқаны басталғалы барлығы 297 005 адам вакциналанды. Оның ішінде 179 625 адам вакцинаның екі компонентін салдырды, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, 7 шілде күні КВИ-дің 133 жағдайы тіркелді. 80 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 53 адам үй бақылауына алынды.

Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1416 орын бар. Төсек-орын толымдығы – 49 %, 713 төсек-орын бос.

7 шілде күні 319 нысанға тексеру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 13 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Қалада 45 бекетте вакциналау жұмыстары жүргізілуде. Қала тұрғындарын бетперделік режимді сақтап, тезірек екпе алуға шақырамыз.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ICAO) кеңесінің Президенті Сальваторе Шаккитаномен...

Теміртау қаласының №10 жалпы білім беретін мектебінде балаларға алғашқы стоматологиялық көмек көрсету және профилактика үшін заманауи жабдықтармен...