Қазақстан ІІМ туристер үшін қауіпсіздік жүйесін енгізеді: әрбір шетелдік қонаққа QR-коды бар карточка

Қазақстан ІІМ туристер үшін қауіпсіздік жүйесін енгізеді: әрбір шетелдік қонаққа QR-коды бар карточка

Мемлекет басшысы жақында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында туризмді дамытудың және шетелдік қонақтар үшін қолайлы жағдай жасаудың стратегиялық маңыздылығын атап өтті. Ішкі істер министрлігі елге келетін туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жалғастыруда. Енді әрбір шетелдік қонаққа елге кірген бойда, сондай-ақ шекара бақылауынан өткен кезде электрондық көп тілді SafeTravel.kz порталына нұсқайтын QR-коды бар арнайы карточка беріледі. Порталда туристердің Қазақстанда қауіпсіз жүріп-тұруына қажетті ақпарат пен ұсынымдар, сондай-ақ пайдалы мобильді қосымшаларды жүктеуге сілтемелер көрсетілген.

QR-коды бар алғашқы карточкалар елорданың халықаралық әуежайында шетелдік қонақтарға тапсырыла бастады. SafeTravel.kz-те: Полициямен жедел байланыс орнатуға арналған "102" мобильді қосымшасы, оның ішінде "SOS" функциясы; Көші-қон заңнамасын сақтау жөніндегі жадынама; Танымал қосымшаларға сілтеме мен жүрген қаланың картасы; Ресми такси мен онлайн-қызметтердің тізімі; Байланыс операторлары мен олардың ресми сайттарына сілтеме; Түрлі оқиғалар бойынша әрекет ету алгоритмдері; Жедел жәрдем, өрт сөндіру мен құтқару сияқты басқа да шұғыл қызметтердің байланыс нөмірлері қолжетімді. Жүйе туристердің қауіпсіздігіне ғана емес, сонымен қатар шетелдік инвестициялар үшін қолайлы әрі тиімді орын ретінде Қазақстанға деген сенімді арттыруға бағытталған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астана, 2026 жылғы 29 мамыр – Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Министрінің орынбасары Арман...

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында ауыл экономикасын дамытуға және ауыл тұрғындарының...

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағнаев Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында бизнес қауымдастығының өкілдерімен, салалық...

Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің қатысуымен Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі...