Әйтенов тұрғындардың өтініші бойынша Ақтас-2 шағын ауданына арнайы барды

Әйтенов тұрғындардың өтініші бойынша Ақтас-2 шағын ауданына арнайы барды

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Ақтас-2» шағынауданының тұрғындарымен кездесті. Әкімнің жеке қабылдауында болған шағынаудан тұрғындары Дәулет Сүлейменов пен Бекжан Тәженов қала әкімін «Ақтас-2» тұрғындарымен кездесуге шақырған еді, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Осыған байланысты шаһар басшысы шағынауданға арнайы барып, тұрғындардың инфрақұрылым мәселелері бойынша сауалдарына жауап берді.

Қазіргі уақытта «Ақтас-2» шағынауданын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылдың маусым айынан бастап мердігер мекеме «Алтын констракшен» ЖШС-і құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Ұзындығы 50,9 шақырым ауыз су құбырының құрылыс жұмыстары 2021 жылдың қараша айында аяқталып, нәтижесінде, 6500 абонент сапалы ауыз сумен қамтылады.

Сондай-ақ, аталған шағынауданды электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында «Гео Нұр Құрылыс» ЖШС тарапынан құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС-і тарапынан тұрғындарды электр қуатына қосу және абоненттеу жұмыстары атқарылуда.

Шағынаудан тұрғындарын табиғи газбен қамту үшін ЖСҚ дайындалып, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарын атқаратын мердігер мекемені анықтау үшін мемлекеттік сатып алу конкурсы өтуде. Құрылыс жұмыстарын 2021 жылы бастап, 2022 жылы аяқтау жоспарланып отыр.

Шағынауданды дамыту бойынша өткен жиынға Абай ауданының әкімі және басқарма басшылары қатысты. Қала әкімі инфрақұрылым жүйелерінің құрылысын сапалы орындау бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

Елдімекен тұрғындары кездесуге арнайы келіп, шағымдарын тыңдаған қала әкіміне алғыстарын жеткізді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Сенат Парламентінің клуарында мемлекеттік қарыз көлемі туралы журналистердің сұрағына...