Биыл Шымкент қаласында балабақша кезегінде тұрған 13 886 баланы қамту үшін 3 205 орын, 34 жаңа балабақша ашу жоспарланған. Бүгінге дейін 2024 жылдың желтоқсан айында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына қосымша 1000 орынға берілген, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.
Сонымен қатар, инклюзивті білім беруді қолдау аясында кешенді жұмыстар жүргізілуде. Қаладағы 5 балабақшада аутизм спектрі бұзылған балаларға арнайы мамандар қызмет көрсетіп, заманауи талапқа сай жабдықталған инклюзивті кабинеттер іске қосылған. Бұл бағыттағы жұмыстар ерекше білім беруді қажет ететін балалардың толыққанды дамып, қоғамға бейімделуіне зор мүмкіндік береді.
Шымкентте мектепке дейінгі білім беру орындары көбейеді
