Шымкентте этномәдени танымды арттыруға арналған зияткерлік сайыс өтті

Шымкентте этномәдени танымды арттыруға арналған зияткерлік сайыс өтті

Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде «ЭтноQuiz: Қазақстанның мәдени әртүрлілігіне саяхат» тақырыбында интеллектуалды іс-шара өтті, деп хабарлайды No-comment.kz ақпараттық агенттігі.

Жиынның негізгі мақсаты — қатысушыларды Қазақстан халқының бай мәдени мұрасымен таныстыру, командалық рухты дамыту және достық пен өзара түсіністік атмосферасын нығайту.

Іс-шараға Мирас университеті, Оңтүстік Қазақстан Медициналық Академиясы, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Мардан Сапарбаев университеті, Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті жастары қатысты.

Спикерлер командамен бірлесе жұмыс істеуді, Қазақстанда тұратын халықтардың мәдениеті, дәстүрі мен тарихы туралы жаңа фактілерді ашып, өз білімдерін, тапқырлықтарын көрсете алды.

ЭтноQuiz — бұл тек қызықты интеллектуалды жарыс қана емес, сондай-ақ Қазақстан халықтарының мәдени ерекшеліктерімен танысуға, этносаралық өзара түсіністікті нығайтуға және пікірлестермен бірге уақыт өткізуге мүмкіндік беретін маңызды кездесу болды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ